Оңтүстік астананың әкімі Бақытжан Сағынтаев тосқауыл бекетіндегі жол-көлік оқиғасынан қаза болған поиция қызметкерлерінің отбасыларына қолдау көрсетілетінін мәлімдеді.
— Біз де шетте қалған жоқпыз. Кәсіпкерлердің қолдауымен қаза болған полиция қызметкерелірінің отбасыларына екі пәтер бөлінеді. Сонымен қатар қаржылай қолдау да көрсетіліп, жақындарын алаңдатқан мәселелерді шешуге тырысамыз, — деді баспасөз конференциясында қала басшысы.