Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
1
USD
450
-0.49
EUR
487
-1.57
RUB
4.86
0.00

Алматыда қатерлі ісікке шалдыққандарға дәрі жетіспеу “себебі” белгілі болды

– Сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан әйелдерге берілетін “Герцептин” препараты ғана тапшы болып қалды. Бұған Алматыда осы ауруға шалдыққан әйелдер санының көбейюі себеп. Қосымша дәріге тапсырыс беріп қойдық, ал әзірге жетпегенін басқа өңірлерден ала тұрдық. Дәрі таяу уақытта Алматыға жеткізіледі, – деді Алматыдағы онкологиялық орталықтың бас дәрігері Нұрсұлтан Ізмағамбетов.

Жиынға қатысқан “СК-Фармация” компаниясының өкілі Наталья Зеленская “Герцептин” дәрісі кесте бойынша қыркүйекте жеткізілуі тиіс екенін, қазір препарат республикаға жеткізілгенін, 20 қыркүйекке дейін аймақтарға жөнелтілетінін айтты.

Дәрігерлердің мәліметінше, қазіргі уақытта Алматыдағы науқастарға 290 құты “Герцептин” дәрісі қажет. Бұл дәрінің бір құтысы 300 мың теңге тұрады.

Ресми дерек бойынша, Алматыда биыл сегіз айдағы есеп бойынша сүт безі қатерлі ісігіне шалдыққан 5426 әйел тіркеуде тұр. Биыл жаңадан 406 әйел тіркелген және ол былтырғы жылдың алғашқы сегіз айындағы көрсеткішпен салыстырғанда 5 пайызға артқан. Дәрігерлер мұның себебі Қазақстанның басқа өңірлерінен осы сырқаттан емделуге келетін науқастардың барлығы Алматының есебіне тіркелетінінде дейді.

Бұған дейін Алматыдағы онкологиялық орталықтың науқастары дәрі-дәрмектің уақытында жеткізілмей жатқанын айтып шағымданған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз