Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
21
USD
475
+0.11
EUR
516
+0.21
RUB
5.5
-0.08

Алматыда қай көшелерге бір бағыттағы өзгеріс енгізіледі

Бұл жаңалық қоғамдық көлік жолаушыларының пайдасына де шешілмек. Белгіленген жолақтарға байланысты автобустар қозғалысы жеңілдеп, алматылықтар қалаған жеріне жылдам жете алатын болады. Сондай-ақ автокөлік иелерін жаңашылдықтар күтіп тұр. Енді бір бағыттағы көшелерде жылдамдық сағатына 40 шақырымды құрайтын болады.

«Бір бағытты жолдарды енгізу эксперименті өз жемісін бере бастады. Қозғалыс жақсарды. Дат сәулетшісі Ян Гейл қаламызға келгенде орталықтың автокөліктер транзитіне айналмауын сұраған едік. Экологиялық мониторингке сәйкес дәл осы аумақта көліктің көптігінен шаң мен кір жиналған. Бір бағытты жолдың арқасында бұл мәселелер шешіліп келеді. Мұны құптамайтындар шығыс айналма автожолына шығуына болады»,-деді Алматы қаласы сәулет және қала құрылысы басқармасы бастығының орынбасары Алмасхан Ахметжанов.

Қала әкімдігінің айтуынша, мұндай өзгерістер халықаралық тәжірибеге сүйеніп жасалуда.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2024 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз