Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
8
USD
449
+0.25
EUR
477
-1.21
RUB
4.77
-0.02

Алматыда күрделі жөндеуден өткен әскери госпиталь қолданысқа берілді

Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті шекара қызметінің баспасөз қызметі хабарлады.

Аталған ғимарат 1982 жылдан бері қарай ешқандай күрделі жөндеуден өтпеген, осыған байланысты Елбасының және ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің қолдауымен 2013 жылы аталған ғимаратқа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін қаржы-қаражат бөлу мәселесі шешілген болатын.

Жөндеуден өткен әскери госпитальды ҚР Шекара қызметінің басшысы генерал-майор Дархан Ділманов пен ҚР ҰҚК әскери госпиталінің бастығы полковник Ермек Сапарғалиев ашты.

– Емдеу ғимараты күрделі жөндеуден өткізіліп отыр, бұл дегеніміз емделушілерге жасалып жатқан үлкен жағдай деп білу керек, – деді өз сөзінде генерал-майор Дархан Ділманов, – шекарашылар өмірінде бұл ғимараттың алар орны ерекше деп білемін, көптеген әріптестеріміз емделіп жатыр, олардың сапалы түрде медициналық ем алып жатқандығын атап өтуіміз керек. Барлықтарыңызға мықты денсаулық, баянды бақыт тілеймін.

4 қабатты емдеу корпусында кардиология, неврология, хирургия, физиотерапевтикалық, инфекция, функциональды диагностика бөлімшелері бар. Мұнда барлығы 175 төсек-орын қойылған.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз