Нұр-Сұлтан
Қазір
0
Ертең
2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматыда интернет арқылы есірткі сатқан студенттер байдың балалары екен

145

Жас жігіттер қазір тергеу абақтысында. Олар тауарды Алматыдағы  жалдамалы пәтерде сақтап келіпті. Мұнда есірткінің түр-түрі бар: шөп, ұнтақ күйіндегісін де таба аласыз. Бәрін сатуға ыңғайлап, пакеттерге салып дайындап қойған.

Сақшылар пәтерден 20 келі есірткі тапты. Қылмыстық топ ұялы телефон, интернет, әлеуметтік желі арқылы хабарландыру жасап,  тапсырысты жасырын жеткізіп береді екен. Ал клиенттерден ақшаны тек киви-кошелек арқылы алып отырған.

Жалпы, елімізде соңғы кезде интернетті пайдаланып есірткі бизнесімен айналысатындар саны көбейген. Жыл басынан бері есірткі, тыйым салынған өзге де тауар сатқан 250-ге жуық сайт соттың шешімімен жабылыпты.

aaa

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз