Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
6
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматыда Храпуновтарға қарсы сот үкімі шықты

Ал Лейла Храпуноваға сот 14 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Соттың шешімімен Храпунованың да мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте жұмыс істеу құқығынан айырылды. Осы іс бойынша сот алдында Яков Заяц, Ғабиден Қайымсұлтанов, Айяр Ілиясов, Қуандық Бисұлтанов, Абай Сапаров, Алтай Қасымов, Серік Есмұқанов, Айнакүл Садықбаева, Абылайхан Қарымсақов пен Абдул-Ғазиз Мұқашев келді.

Мемлекеттік айыптаушы Виктор Храпуновты 20 жылға, ал Лейланы 17 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған болатын.

Бұдан бөлек, прокурор оларды мемлекеттік қызметте және қаржы ұйымдарында 7 жыл уақыт жұмыс істеу құқығынан, сондай-ақ, марапаттарынан айыруды сұраған болатын

Еске салайық, Виктор Храпунов пен оның әйелі Лейла Храпуноваға қатысты Қазақстанда ұзын саны 24 қылмыстық іс қозғалып, қызмет бабын асыра пайдаланды, алаяқтық жолмен бюджет қаржысын жымқырды, заңсыз жекешелендіру жүргізді, заңсыз кірістерді заңдастырып алды, пара алды, ұйымдасқан қылмыстық топты құрды және оларға жетекшілік етті деген айып тағылған болатын.

2008 жылғы сәуірде ол қазір отбасымен тұрып жатқан Швейцарияға қоныс аударған болатын. Ал 2012 жылы қазанда Виктор Храпуновтың әйелі – Лейлаға ірі көлемдіе алаяқтық жасағаны үшін халықаралық іздеу жарияланған еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз