Алматыда 22 мамырға белгіленген велошеру кейінге қалдырылды. Бұл туралы қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі хабарлайды.
Алматыда осы жексенбіде өткізілуі тиіс спорттық шара келесі аптаға, яғни 29-мамырға шегерілді.
Спорттық шараның неге кейінгі аптаға қалдырылғаны, әзірге, белгісіз.
Алматыда әр аптаның жексенбі күні велошеру өткізу үрдісі бар. Ол қаланың қонақжай күйін, қызықты демалысты ұйымдастыра білетінін көрсетуді мақсат етеді. Кей кездері бұл спорттық шара атаулы даталар құрметіне де ұйымдастырылады.