23 қазандағы жағдай бойынша оңтүстік астанада бүгінге дейін коронавирус инфекциясының 14607 оқиғасы тіркелген, оның 8762 – симптомды, 5845 – симптомсыз.
— Соңғы тәулікте COVID-19-дың 44 жағдайы және анықталмаған пневмонияның 5 жағдайы тіркелді. Тәуліктік өсім – 0,3%, жұқтыру коэффициенті – 1,37 боп тұр. Осы аптада КВИ деңгейі бірінші аптаның деңгейінен 9 есе асып түсті. Қаладағы жағдай шиеленісе түсуде және аурушаңдықтың өсіп келе жатқаны байқалып келеді, — деді қаланың бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин.
Оның айтуынша, қалада вирус жұқтырғандардың санының артуына тұрғындардың санитарлық талаптарды сақтамауы себеп болған.