Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
11
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда элиталық үйлердің иелері бюджетке 100 млн теңге қарыз

Бүгінде аталған элиталық пәтерлер мен үйлердің қарызы 167 млн теңгеге жетті. Мәселен, Достық көшесіндегі ауданы 1000 шаршы метрден асатын, құны 185 млн теңгелік зәулім үйдің иесі бюджетке 1,1 млн теңге беруі керек. Борышкерлер арасында бірнеше пәтеріне салық төлемей жүргендер бар. Барлық қарыздар тұлғалар бойынша іс материалдарын сот орындаушыларына беру туралы салық бұйрықтары әзірленіп жатыр.

Салық органдары қарызды өндіру үшін банк операцияларын тоқтатады, салық төлеушілердің шетелге шығуына тыйым салады. Одан бөлек, келесі аптаның соңына дейін борышкерлердің аты БАҚ беттерінде жарияланады. Олардың арасында елімізге белгілі азаматтар бар.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз