Алматыда Денис Тенді еске алуға арналған көрме өтеді.
D10 WORLD сурет көрмесін ұйымдастыруға қазақстандық мәнерлеп сырғанаушының достары мен жақындары қолға алған. Көрме 26 тамыз – 2 қыркүйек араылығында Esentai Gallery залында өтеді. Көрмеде Денис Тен түсірген суреттер, сондай-ақ өзі қатысқан спорттық шаралар барысында түсірілген суреттер және әріптестері мен достарының атынан видеожоба ұсынылады.