Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
3
USD
489
-3.25
EUR
530
-2.09
RUB
5.04
-0.03

Алматыда барлық базарлар жаңартылады

Дегенмен, қалада әлі де болса сауданың кішігірм талаптарына жауап бермейтін базарлар бар, ал кәсіпкерлер контейнерлер мен дүңгіршіктерде жұмыс жасауда. Қаланы одан әрі дамыту үшін мұндай базарлар алынуы тиіс. Жуырда ғана «Кар Сити» сауда орталығы алдындағы 100-ден астам сауда мен қоғамдық тамақтану нүктелері жойылды. «Рахат» базары маңын жалға беру мерзімі аяқталысымен оның айналасына қалалықтар үшін аллея жасау жоспарланған.

«Қазіргі кезде 16 базарды жаңарту жұмыстары жүзеге асты, олардың меншік иелері 16 миллиардтан астам инвестиция бөлді. Жыл аяғына дейін тағы да алты базар реконструкцияланады. Бесеуі модернизациялануда және жаңарту жұмыстары келер жылы аяқталады», – деп хабарлайды Алматы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қала басшылығы базарларды модернизациялаудың бірқатар нақтылы шарттарын белгіледі, яғни оларда стационарлық нысан міндетті түрде салынуы, обьктілердің барлығы санитарлық -эпидемиологиялық нормаларға, өрт қауіпсіздігі талаптарына сай және көлік тұрағының болуы, еліміздің салық заңдылығы қатаң сақталуы тиіс, сонымен қатар кәсіпкерлер тіркеуден өтіп, POS-терминалдар мен кассалық аппараттардың болғаны жөн.

Базарларды модернизациялау қазірдің өзінде тиімді болуда. Соңғы жылда көтерме-бөлшек сауда айналымы қалада 3,4%-ға артып, 12,8 трлн. теңгені құрады. Бұған сауда алаңын мен сауда орындарының санын ұлғайту және кәсіпкерлер жұмысының ашықтығын қамтамасыз ету арқасында қолжетті.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз