Туған-туыстары полицияға арызданып, әлеуметтік желі арқылы да оны іздестіріп жатыр.
Оны әлеуметтік желі арқылы іздеушілер көп. 28 жастағы Нұршат Розиевті соңғы рет 3-қыркүйекте кешке көрген. Ал келесі күні туыстары оның үйінде өрт болғанын біледі, ал оған дейін үйі жағынан қатты музыка үні шығып жатыпты.
„Ол жоғалып кетті, ал тұратын үйі өртеніп кетті, аулада көлігі жоқ. Көлігінің марқасы – Ниссан Примера. Қошқыл көк түсті. Үйден екі теледидар жоғалған. Мүмкін көрген-білген адамдар бар шығар, бір хабарын беріңіздерші. Анасының телефоны: +77470641506, апайы: +77781427235, Әлмерек ауылы”, – деп жазылған таратылып жатқан хабарда.