Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда Азия кубогі кезінде автокөлік жолдары жабылады

Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады. 4 тамызда жарыс кезінде сағат 05.00-ден 13.00-ге дейін Төле би көшесі бойы (оңтүстік жағы) Н.Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөлік қозғалысы үшін ашық болады. Өтеген батыр көшесінің бойында Төле би көшесінен бастап А.Жұбанов көшесіне дейінгі қозғалыс шектеледі.

Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады. 5 тамызда жарыс кезінде сағат 06.00-ден 15.00-ге дейін Төле би көшесінің бойы (оңтүстік жағы) Н.Тілендиев көшесінен бастап Өтеген батыр көшесіне дейін жабылады. Солтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады. Өтеген батыр көшесінің бойында Төле би көшесінен бастап Абай даңғылына дейін қозғалыс тоқтайды.

Барлық қозғалыс жолақтары толығымен жабылатын болады. Абай даңғылының бойы Өтеген батыр көшесінен бастап Сайын көшесіне дейін (солтүстік жағы) жабылады. Оңтүстік жағы автокөліктің қозғалысы үшін ашық болады.

«Триатлоннан Азия кубогы және Қазақстан Республикасының Чемпионаты Алматыда алғашқы рет өтеді. Жарысқа жерлестеріміз ғана емес, 20-дан астам елден спортшылар келді. Осындай ауқымды оқиғалар үшін жолдарды жабу – бұл әлемдік тәжірибе. Біз көліктің қозғалысын қиындатпау үшін, жолдарды жабу аумағымен уақытын барынша азайтуға тырыстық. Тұрғындар түсіністік танытады деп үміттенеміз және демалыс күндері бағыттарын алдын ала жоспарлап алуын сұраймыз», -деді әкімдік баспасөз қызметінен. Алматыда Азия кубогы кезінде автокөлік жолдары жабылады.

 

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз