Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
4
USD
427
+1.34
EUR
497
-1.07
RUB
5.53
-0.03

Алматыда Шығыс Қазақстан облысының палуаны Үлкен қажылыққа жолдама ұтып алды

Төл күресімізден өткен додаға әр өңірден іріктеліп шыққан ең мықты 60 балуан күш сынасты.

Жарыстың ашылу салтанатында Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы қазақ күресі – ұрпақтан-ұрпаққа ұмытылмай жеткен дәстүрлі өнер екенін айта келе, жамағаттың ауыз біршілігін арттыратын бұл шара дәстүрлі түрде жалғасатынын айтты.

Бас бәйгеге тігілген Үлкен қажылыққа жолдаманы Шығыс Қазақстан облысынан келген Нұржан Мертаев қанжығасына байлады.

Екінші орынды Атырау облысының палуаны Біржан Молдашев, ал үшінші орынды Алматы облысының тумасы Шыңғыс Тұрсынханов иеленді. Оларға Кіші қажылыққа тегін жолдама табыс етілді.

Бас мүфти Ержан қажы Малғажыұлы бірінші орынды жеңіп алған Нұржан Мертаевтың жаттықтырушысына да Үлкен қажылық сертификатын табыстады.

Игі шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Оразбайұлы, Ережесіз жекпе-жектен әлем чемпионы Қуат Хамитов, Бейжің олимпиадасының қола жүлдегері Әсет Мәмбетов қонақ болды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз