Нұр-Сұлтан
Қазір
1
Ертең
8
USD
427
+0.61
EUR
497
+0.71
RUB
6.04
+0.05

Алматыда ашаршылық құрбандарына арналған ескерткіш ашылады

Бүгін Алматы қаласының əкімі Бауыржан Байбек бір топ зиялы қауым өкілдерін аталған ескерткіштің жобасымен таныстырды.

Ескерткіштің авторлары: Дулат Үсенбаев, Айдос Бүркітбаев және Қанат Бегулиев.

ҚР Үкіметі жанынан құрылған арнайы  комиссия мүшелері ескерткіш авторларының жобаларын анықтаған болатын. Ескерткіш Алматыдағы Қабанбай батыр мен Наурызбай батыр көшелерінің қиылысындағы скверде орналасады. Тоқтала кететін жайт, 1992 жылы осы орынға ескерткіш орнатылатыны туралы белгітас қойылған.

Ескерткіштің ашылуы 31 мамыр – Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне жоспарланған.

1931-1933 жылдардағы жаппай Ашаршылық бай-манаптарды жою мен ұжымдастыру және орталық билік органдары тарапынан қазақтардың мал-мүлкін тәркілеп, сол арқылы азық-түлік жинау мақсатында ұйымдастырылған. Тартып алған мүлік милиция көмегімен қажетті жерге жеткізіліп отырған. Осындай әрекеттердің салдарынан туындаған ашаршылық жаппай Қазақстанды жайлады.

Түрлі деректер бойынша, осы нәубеттің салдарынан қазақ жерінде 2-3 миллионға жуық адам құрбан болып,  1,5 миллион адам шетелге босты. Жалпы алғанда ашаршылықтың құрбанына айналғандар қазақ халқының 60-65 пайызын қамтыды.  Халықтың көпшілігі Қытай, Моңғолия, Иран мен Ауғанстанға көшуге мәжбүр болды.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2021 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз