Нұр-Сұлтан
Қазір
7
Ертең
10
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда «арзанға үй, көлік алып беремін» деп елді алдаған емші әйел ұсталды

Аудандық ішкі істер басқармасының хабарлауынша, 1968 жылы туылған Ақыловаға қатысты кешенді тергеу істерінің жүргізілуіне нақты дәйектер бар, бұл ретте полицияға 4 адам шағымданған.

«Ақылова ем жасап, құмалақ ашамын деп адамдарды қабылдаған. Кейбір адамға ол коммерциялық банкте кепілде тұрған пәтер мен көлікті нарықтың бағасынан арзанға алып беруге көмектесе алатынын айтқан. Бұл қызметі үшін әйел 100 мың және одан жоғары соманы сұраған. Ақшаны алып алғанымен ол уәдесін орындауға еш асықпаған.

Ақыры алданғанын түсінген азаматтар полицияға шағымдануға мәжбүр болған. Сотқа дейінгі тергеу тергеу кезінде бұл кісінің басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоқтығы анықталып жатыр. Осыған байланысты бұл кісіден зардап шеккен азаматтар болса, мына телефондарға хабарласуды сұраймыз: 298-53-00 және 298-53-01», – дейді Алматы қаласы Әуезов аудандық ішкі істер басқармасы бастығының орынбасары, полиция полковнигі Құмарбек Кеңшінбаев.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз