Алматыда 5 жасар бала менингиттің жылдам жүретін түрінен көз жұмды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Бүлдіршін 1 маусымда кешкі сағат 19:00 шамасында ауруханаға түскен. Ол 2 маусым күні түнгі сағат 2:00-де көз жұмған.
Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің басшысы Айзат Молдағасымова қазіргі уақытта ең дұрыс шешім антибиотиктің көмегімен аурудың алдын алу екенін айтты. Дәрігер тиісті дәрі-дәрмектерді тағайындай алады.