Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
9
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматыда 42 мың халық сел мен көшкін жүру қауіпі бар аймақта тұрады

Сенаторлар осы қауіп аймағына кірген нысандар туралы білгісі келді. «Олардың арасында тұрғын үйлер, қоғамдық орындар, мейрамханалар, көңіл көтеру орындары», – деді депутаттардың сұрағына жауап берген Т.Баймолдаев.

Т.Баймолдаевтың айтуынша, халықты сел мен көшкіннен қорғау үшін мекеме мұздықтарды, өзен-сулар, сел жүретін бассейіндерді үнемі мониторингілеп тұрады. Оның айтуынша, мұздықтардың кенет ери бастағанына байланысты, Ақсай, Аюсай, Үлкен Алматы өзендерінде үш  бөгет салып, Тұйық су бөгетінің сыйымдылығын арттыру жоспарланып отыр.

«Үш бөгеттің жоспары құрылып жатыр, 2017 жылдың бірінші тоқсанына дейін жоспарлау жұмыстарын аяқтауымыз керек. Үш бөгетке шамамен 17 млн теңге қаржы беріледі. Осы үш бөгетті жоспарлау жұмыстарына 160 миллион теңге бөлінді», – деп хабарлады Т.Баймолдаев.

Сондай-ақ, Д.Назарбаева бастаған сенаторларға теңіз сулары мен тау өзендерінің көлемін автоматты түрде мониторингтен өткізетін стансаның жобасы таныстырылды. ҚР Ішкі істер вице-министрі Юрий Ильиннің айтуынша, министрлік пен Алматы  бұл жобаға қызығып отыр.

«Ендеше, сіздерге сәттілік тілеймін. Бастысы – пайдалы жоба болсын», – деді Д.Назарбаева.

20161015170004

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз