Нұр-Сұлтан
Қазір
6
Ертең
13
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматыда 4 жасар бала жоғалып кетті

Оның айтуынша, ең алдымен бала үшін қауіпті жерлер тексерілді: кәріз люктері, құдықтар, арықтар, каналдар, траншеялар, тоғайлар мен өзендердің маңы, тоғандар, иесіз қалған үйлер, шатырлар және тағы да басқа.

“26 600 үйді аралап, 18 мың адамнан сұралды. Бір әйел сол күні кешкі сағат 20.00 шамасында дүкеннің жанында жылап тұрған баланы көргенін бірақ, неге екені, назар аудармағанын айтты. Мамандар осы шағын аудандағы видео бақылау камераларындағы мәліметтерді тексеріп жатыр”, – деді Әзірбек.

Балаға қатысты мәліметтер жақын маңдағы аудандар мен облыстарға таратылды. Полицияның хабарлауынша, Арсен жоғалып кеткен күні оның үстінде қара түсті футболка болған, кеудесінде қызыл жолақтары бар, қара көк түсті трико, аяғында қара түсті кроссовка болған. Баланың бойы – шамамен 100 сантиметр, ерекше белгілері жоқ.

“Балаға қатысты қандай да бір мағлұматы бар немесе кездескен азаматтар болса мына телефон номерлеріне хабарласуды сұраймыз: 227-55-00; 227-55-01; 227-55-02; 8-701-523-17-07 немесе 102”, – деді Әзірбек.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз