Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматыда 25 мамырдан бастап кафе, қонақ үй, сауда орталықтары мен ХҚКО ашылады

401
Сурет: Максим Золотухин

Бұл туралы қалалық кәсіпкерлік және инвестиция басқармасы хабарлады.

«Егер бұған дейін мейрамханалар  өзімен бірге алып кетуге тамақ әзірлеп, қызмет көрсетсе, жаңа шыққан нұсқауға сәйкес оларға адамдардың толыққанды түскі  немесе кешкі ас ішуі үшін ашылуына рұқсат беретін боламыз, —

деген басқарма басшысының орынбасары Қанат Сағындықовтың сөзін inform.kz келтіреді. —

Біз санитарлық шараларды сақтау бойынша нұсқауларды әзірледік: үстелдердің  арасында екі метр арақашықтық сақталып, бір отбасының мүшелері болмаса, бір үстелге төрт адамнан артық отырғызуға болмайды және  жұмыс режимі сағат 23.00-ге дейін жалғасады».

Сауда-ойын-сауық орталықтарында алдымен дүкендер, мейрамханалар мен химиялық тазалау орындары ашылады. Екінші кезеңде фудкорттар және содан кейін ғана кинотеатрлар мен ойын-сауық алаңдары ашылады.

Қонақ үйлерде бірінші кезеңде қонақтарды қабылдайтын нөмірлер мен мейрамханалар, екінші кезеңде — жаттығу залдары мен спа-салондар жұмысын қайта бастайды. Қоғамдық тамақтану объектілерінде банкеттер өткізуге тыйым салынады. Кальян, караоке және бильярд мекемелері әзірге жабық болады.

Ашық базарлар да өз жұмысын қайтабастайды. Оларға 23 мамыр күні қала әкімшілігінің аудиторлары тексеру жүргізеді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз