Алматыда 13 ақпан күні үйінен шығып, қайтып оралмаған 13 жастағы қыз бала іздестірілуде, деп жазады Zakon.kz.
Алина Зуева. Фото: facebook.com / Ислам Угушев
«Зуева Алина Борисовна. 2003-ші жылы 17 наурызда туылған, 13 жаста. Тұрғылықты мекен-жайы: Алматы қаласы, Столетова көшесі 43/2. 1-ші сыныптан 7-ші сыныптың басына дейін Алматыдағы 79 мектепте оқыған, одан кейін Алматыдағы “Престиж” мектебіне ауысқан. 13.02.2017 күні сағат 15:00-де үйден шығып кеткен.
Айрықша белгілері: Бойы 170 см, орта денелі, көзі көк, шашы иығынан төмен, қызғылт түсті, домалақ бетті. Мінезі ашық, тіл табысқыш.
Етегі тізеге дейін жететін қара куртка киген, ақ жұрынды капюшон, қара шалбар, капюшонды қара кардиган, ақ жұрынды қара бәтіңке. Арқасында қара-сарғылт рюкзак, “самсунг” планшеті. Әкесі Борис: +7 707 196 58 10».
Көрген-білгендер болса 87071965810, 87071888133 телефон нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.