Жауаптылар көлеңкелі бизнеспен осылайша күрекспек.
«Біздің ойымызша 1 тамыздан бастап дифф тариф енгізіледі. Метроның бағасы 80 теңге болады, ол көтерілмейді. Өйткені, метро автокөлік заңына келмейді. Қоғамдық кеңестен кейін біз әкімнің қаулысын юстицияға енгіземіз. Юстиция тіркеген соң 10 күннен кейін ол күшіне енеді», – дейді Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы басшысының орынбасары, Бекзат Бекішев.
Десе де, жаңа бастама толық күшіне енуі үшін соңғы шешімді қоғамдық кеңес мүшелері қабылдайды екен. Олардың тең жартысы бір реттік төлем құнының көтерілуін құптаса, ендігілері 150 теңге халықтың қалтасына соққы деп кесіп айтты. Бұл ретте жауаптылар қаладағы жеңілдігі бар жолаушылар бұрынғыдай арнайы карталарымен төлем жасайтынын жеткізді. Демек, 150 теңге тек «Оңай» картасы жоқ туристер мен қала қонақтары үшін бекітілетін болады.
«Дифф тариф дегеніміз 150 теңге, ол жай бір кез-келген сан. Ол 200 болуы мүмкін еді жай ынталандыру үшін. Ал, жалпы біздің есебіміз 149 жарымның ішіне кіретіні – оның ішіндегі жанармайы бар, 30 пайызы жалақы, көлік жаңартуы. Үкіметпен бекітілген методикасы бар өзінің, сол бойынша дайындалған есеп. Әкімшіліктің ұсынысы бойынша, түскен 150 теңгеден жүргузішіні ынталандыру үшін 50 теңгесі жүргізушіге беріледі. Сонымен, оның жалақысы көтерілетін болады», – дейді «Алматы қалалық жолаушыларды тасымалдау кәсіпорындарының қауымдастығы» заңды тұлғалар бірлестігінің жетекшісі Сәбит Аманбаев.
Қазіргі уақытта қалада жолаушылардың 70 пайызы қоғамдық көлікте жол ақысын «Оңай» картасымен төлесе, қалғаны қолма-қол есеп айырысады екен.