Алматыда «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша 2025-2026 жылдары ұзындығы 49 км болатын 11 көше жөнделді, 2030 жылға дейін бас-аяғы 94,2 км болатын 37 көше жаңарады. Осылайша Алматы ел бойынша жайлы урбанизациялық орта құрудың халықаралық стандартын енгізіп жатқан алғашқы қалаға айналып отыр.
«Әлемнің ірі мегаполистерінің озық тәжірибесі көшелерді «қасбеттен қасбетке дейін» кешенді көріктендіру тәсілі жайлы және заманауи қала ортасын құрудың ең оңтайлы шешімі екенін көрсетеді. Біз Алматыда осы халықаралық стандартты енгізіп жатырмыз, бұл тәсілді қолданатын Қазақстандағы алғашқы қала болдық», – деді Ерболат Досаев.
Әкімнің айтуынша, бүгінгі күні Достық даңғылы (әл-Фараби даңғылынан Абая даңғылына дейін) және Пушкин көшесі (Гоголь көшесінен Райымбек даңғылына дейін) жобаларының ЖСҚ әзірлеу жұмыстары аяқталды. Құрылыс жұмыстары 2025 жылдың наурыз айында басталады (3,7 млрд теңге).
2025 жылдың ақпан айында Радостовец және Мақатаев көшелерінің жобалау жұмыстары аяқталып, құрылыс-монтаждау жұмыстары 2025 жылдың мамыр айында басталған еді.
2025 жылы Желтоқсан көшесінде (Байтұрсынов көшесінен Райымбек даңғылына дейін) ұзындығы 4,6 км және Райымбек даңғылында (Пушкин көшесінен Алтын Ордаға дейін) ұзындығы 17,2 км болатын екі жаңа BRT желісі салынып, көшелер «қасбеттен қасбетке дейін» қағидаты бойынша кешенді түрде жаңарды.