Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
23
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Almaty Towers-тегі өрттен қаза тапқан студенттердің әлеуметтік желіде суреті жарияланды

111

“Almaty Towers” ғимараты өртенген кезде мерт болған студенттердің отбасының әрқайсысына әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 340 мың теңгеден әлеуметтік көмек ақша берді„ деп хабарлады осы университеттің БАҚ және қоғаммен байланыс басқармасындағылар.

– Қаламызда орын алған қайғылы оқиға кезінде біздің 2 студент мерт болды. Біреуі Сартбаев Нұрлыбек — Физика-техника факультетінің ІІІ-курс студенті, екіншісі — Айдаралиев Еламан, “Ядролық физика” мамандығының ІІІ-курс студенті,

– деді олар.

Сонымен қатар университет және кәсіподақ қаза болған студенттердің денесін туған жерлеріне – Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарына жеткізуге көмектеседі.

Бұдан тыс университеттегі студенттер де материалдық көмекке жылу жинап жатыр екен.

Еске сала кетелік, “Almaty Towers” бизнес кешені 6-қараша өртенді. Ол күні бір адамның денесі табылған. Ал кейіннен 5 адамның мүрдесі өрт болған күннің ертеңінде, 7-қарашада оқиға орнын жинау, тазалау кезінде 11.00-де табылған. Олар алматылық бірқатар ЖОО-ларда білім алып жатқан 1994, 1995, 1996 жылы туылған студент жастар болып шықты деп хабарланып еді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз