Нұр-Сұлтан
Қазір
11
Ертең
10
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

«Almaty Towers» ғимаратында болған өрт кезінде 1 адам мерт болды (видео)

«Бүгін сағат 18-04-тер шамасында Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» белгісіне Бостандық ауданындағы Байзақов көшесінің 280-ші үйінде өрт шыққандығы жөнінде хабар келіп түсті. Тиісті қызметкерлер мен техника қажетті жерге жіберілді. Алғашқы өрт сөндірушілер оқиға орнына сағат 18-11-де жетті. Өрт сөндірушілер келген кезде 6 қабатты «Almaty Towers» бизнес орталығының ғимаратының шатыры жанып жатты.

Өрт қосарланған ғимараттың өзге де жақтарына өршу қауіпі туындаған еді. Өрт тұтанғанға дейін онда темір ұстасы тиісті жұмыстар жүргізген. Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері оқиға орнына жеткенше, 1962 жылы туған азамат ауа жетпей, иіс газынан уланып мерт болды.

Өртті сөндіру кезінде 80 адам эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар саласының қызметкерлері қолға алған шаралардың арқасында өрт сағат 20-30-да ауыздықталып, 20-36-да сөндірілді. Жалын шарпыған аймақ 1800 шаршы метрді құрады. Өртті сөндіруге 150 жеке құрам мүшесі мен 34 техника қатысты. Сонымен қатар тілсіз жаумен күресуге Ұлттық ұланның 50 жауынгері, Алматы қалалық ІІД-нің 65 қызметкері, қосымша 30 техника жұмылдырылды. Зертхана мамандары осы уақытта өрттің неден тұтануы мүмкіндігін зерделеуде»,-делінген хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз