Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
443
0.00
EUR
475
0.00
RUB
4.74
0.00

Алматы өрт сөндірушілері отқа оранған пәтерден әйелдің жансыз денесін алып шықты

377

11 қаңтар күні таңғы сағат 05.53-те Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті “101” пультіне Әуезов ауданы №3-ші шағын ауданының төрт қабатты тұрғын үйдің үшінші қабатында пәтердің өртеніп жатқаны туралы хабар келіп түсті. Алғашқы өрт сөндіру тобы шақыру орнынан сегіз минуттан соң, сағат 06.11-де келіп жетті.

“Өртті сөндіру және құтқарушылар тобының барлауы кезінде жуынатын бөлмеде 1966 жылы туылған пәтер иесінің бас жарақатын алған жансыз денесі табылды. 20 адам қауіпсіз жерге көшірілді, олардың бесеуі – бала”, — деп хабарлады Баймұхамбетова.

Оның айтуынша, сатының көмегімен отпен күресушілер зардап шеккен екі адамды құтқарып қалған. Олардың бірі – 1983 жылы туылған азамат ауруханаға жатқызылды. Қабылданған шаралармен өрт 06:19-да ауыздықталып, 06.19-да жойылған. Өрт ауданы 35 шаршы метрді құрады. Өрт себептері анықталуда.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз