Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
16
USD
448
-1.49
EUR
478
-0.38
RUB
4.76
0.00

Алматы полициясының 457 қызметкері жұмыстан шығарылды

«Қазірдің өзінде 457 қызметкер жұмыстан шығарылды және 1100 полицей жазаланды. Сондай-ақ, 2008-2014 жылдары бізде Алматы облысының екі аумағы біріккен болатын. Әрине, біздің қызметкерлерімізде реттелмейтін жүктемелер бар. Бірақ соған қарамастан біз өзіміздің функционалдық міндеттерімізді орындайтын боламыз»,-деді Алматы қаласы ІІД басшысы Серік Күдебаев.

Қалалық полиция басшысы көптеген қызметкердің жұмыстан қуылғанынн айтса, прокуратура керісінше мамандардың жетіспеушілігіне наразылық білдірді. Оның сөзінше, азаматтарды қорғау үшін кемінде 500 маман қажет.

«Бүгінгі күні біз жоғары айналым мен кадрлардың жетіспеушілігін көріп отырмыз. Мысалы, тергеушілер мен анықтаушылардың 80 пайызының жұмыс өтілі 3-5 жыл ғана. ІІД-не 400-ден астам, оның ішінде жергілікті полиция қызметіне 100-ден астам қызметкер жетіспейді»,-дейді Алматы қаласының прокуроры Берік Жүйріктаев.

Кездесудің маңызды аспектісі полицияның арнайы техникамен жабдықтау мәселесі болды. Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбек ол үшін бюджеттен 31 миллиард теңге бөлінгенін хабарлады. Сондай-ақ, әр қызметкерге бейнетіркеуіш берілді.

«Арнайы техникамен жабдықтау үшін шамамен 31 млрд теңгеге жуық қаражат бөлінді. Осылайша, полицияның жабдықтары 90 пайызға дейін жетті. Бұл елдегі қауіпсіздіктің ең жоғары деңгейі. Бұған дейін ол көрсеткіш 64 болатын. Яғни, 64 пайыз – бұл 10 полицейдің төртеуінде байланыс құралдары мен көлік және басқа да қажетті заттар болмаған»,-деп түсіндірді Алматы әкімі Бауыржан Байбек.

Ал, ішкі істер министрлігінің түбегейлі реформасы туралы президент әкімшілігінің өкілі Алексей Калайчиди айтып өтті. Ең алдымен, бұл тәртіп сақшыларын оқытуға қатысты. Олар эмтихан тапсырғаннан кейін алты айлық сынақ мерзімінен өтеді. Содан кейін барып аттестация тапрады. Бірақ, жаңа жүйе үш жылдан кейін енгізілетін болады.

«Құқық қорғау және сот жүйесін жаңғырту үшін үш жұмыс тобы құрылды. Атап айтқанда, кадрларды іріктеу, оңтайландыру, аттестаттау мәселелері. Бүгінде бакалаврды 4 жыл оқыса, біздің схемаға сәйкес оған үш-бес айда дайындалуға болады. Нәтижесінде біз мамандарды даярлауды шамамен 5-8 есеге жеделдетеміз»,-дейді президент әкімшілігінің құқық қорғау жүйесі бөлімінің меңгерушісі Алексей Калайчиди.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз