Қаскөй бірін 30 рет, екіншісін 16 жерден пышақтап, үйлерін өртеп, өзі тайып тұрған. Өрттен тірі шыққан тағы бір ер адам ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды КТК.
Күдікті бірақ алыстан келмепті. Оны марқұмдардың туыстары танып отыр.
Ал полиция іздеу жариялағаны болмаса, оны әлі ұстай алмай келеді.
Оқиға осыдан 4 күн бұрын болған.
Ал күдікке ілінген азамат көрші үйдің бейнебақылау камерасына түсіп қалыпты. Қазір ішкі істер органдары 1983 жылдың тумасы Замандин Палтуевті жер-көктен іздеп жатыр.
Бірақ әлі нәтиже жоқ.
“Бақылау камерасына оның қанға боялып шығып келе жатқаны түсіп қалған. Ол менің күйеуімнің бұрынғы сыныптасы болып шықты. Бұрын ондайын байқамап едік. Енді осындағы көрші-қолаң болып тағдырымызға алаңдап отырмыз. Ал оны әлі таппай жатыр”, – дейді марқұмдардың туысы Мила Журавлева.