Нұр-Сұлтан
Қазір
-4
Ертең
-5
USD
495
-0.33
EUR
521
-1.69
RUB
4.91
-0.03

Алматы облысының тұрғындары қалаға кіруге тырысуда

154

Қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді. Ведомства өкілінің айтуынша, видео Алматы қаласының аумағынан тыс жерде түсірілген. Облыс тұрғындары қалаға кіруге тырысуда.

«Адамдарға қалаға кіруге тыйым салынатыны және карантин жарияланғанs туралы  хабар беріп, алдын ала ескерткенімізге қарамастан, ортақ нормаларға бағынғысы келмейтін адамдар тобы бар. Қазіргі жағдайда мен оқиға орнындамын, жағдай тұрақты», —  дейді ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Ведомства Алматыға кіргісі келетін адамдардың көп емес екенін хабарлады.

Естеріңізге сала кетейік, 19 наурызда түнгі  сағат 00.00 Алматыны карантинге жапты. Қалаға кіретін жолдардың барлығына 27 блок бекеттер қойылды, соның ішінде 10  магистральды жол бұғатталды.  Онда полиция қызметкерлері мен  Қорғаныс министрлігінің әскерилері қызмет етуде.

 

22 наурыз күні түнде теміржол және әуе байланысы тоқтатылады.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз