Әбден шыдамдары таусылған Қапшағайдағы казино жұмысшылары кешелі бері астан бас тартқан. Тек қара су ішіп, әлсіреген топ сол ойынхана ішінде жатыр.
Бұл туралы КТК арнасы хабарлайды.
Бұрын бұл жерде ойынхана қонақтарына мол дастархан жайылатын. Ал, қазір ашынғаннан аштық жариялағандар жатыр.
“Екінші күн болды аштық жариялағанымызға. Қан қысымым түсіп түсіп жатыр, қол аяғымыз дірілдеп жатыр”,- дейді казина қызметкері.
Айлығын даулағандардың жалпы саны 420 адам. Бәрі де қожайындары бір -«Алтын алма», «Алма city» казиноларында жұмыс істеген. Өткен айда ойынханалар аяқасты жабылыпты. Сол кезде 3 айлық ақшаларын сұрап, баса-көктеп кірген жұмысшылар әлі де осында жүр. Көк тиын көрмеген соң, олар қарызға белшеден батыпты.