Алматы облысының таулы аймақтарында қар көшкіні болу қаупіне байланысты ескерту жарияланды.
Қазгидрометтің хабарлауынша, Алматы облысының таулы аймақтарында қар жамылғысының қалың болуы және жауын-шашын салдарынан 6-сәуірде қар көшкіні болуы мүмкін.
Көшкін жүру қаупіне байланысты тау бөктеріне шығуға тыйым салынады.