Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
22
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Алматы облысында “ұртоқпақ” күйеуінен басын арашалай алмаған келіншек өліп кетті (видео)

156

Қылмыстық оқиға “Асыл арман” тұрғын үй кешеніндегі дәріхана ішінде болған. 19 ақпан күні кешке қарай жұмыста отырған кезінде Жанар Насырованың үстіне сарт-сұрт кіріп келіп, пышақ жұмсаған. Дәріхана әкімшілігі оқиғаның бейнежазбасын тергеушілерге берген екен.

Жанар Насырова соңғы бір ай бұрын ажырасуға арыз беріп, Жамбыл ауданы, Ақсеңгір ауылында анасымен бірге тұрып жатыпты. Себебі күйеуі Азамат Құлымбетов Ұзынағаштағы үйлерін өз қолымен өртеп жіберіпті. Туыстары марқұмның жұбайынан көрмеген қорлығы жоқ, соңғы уақыттары ұрып-соғу шегіне жеткен еді дейді.

“Үйіне апарып, қылқындырып мұны, осы жерге өлім аузында келді. Сол күні келдім. Қайынсіңлім маған звондады, Жанар өлгелі жатыр деді. Келсем, дауысы шықпайды қыздың. Кеңірдегі қып-қызыл, езген ғой”, – дейді марқұмның туысы Нұрғайша Малдыбаева.

Содан кейін күш көрсеткіш күйеу баланың үстінен арыз жазылған. Аудандық полиция еш шара қолданбады деп ашынады көпшілік. Арада апта өтпей, қызының жансыз денесін құшақтап анасы, аңырап екі баласы қалды.

Туыстарының айтуынша, мамандығы дәрігер болған күйеу баланың пышақ сұқпаған жері жоқ. Марқұмның жаназасына жиналған қалың ел де, туыстары да қандықол күдіктіні қатаң жазалауды сұрады. Жұбайына екі бала мен анаңды да өлтіремін деп қорқытқан ол айыптан құтылып кетсе, бізді де жайымызға қалдырмайды деп секемденіп отыр. Қазір кісі өлтіру бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

“Күдікті ретінде Ұзынағаш ауылының 34 жастағы тұрғыны ұсталып, Қарасай аудандық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды”, – дейді Алматы облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Айман Мырзабекова.

Қаза қабырғасына батқан марқұмның анасы екі баланың өз қарауында қалуын тілейді. Ал тілшілер тілдеспекке келгенде күдікті Азамат Құлымбетовтің әке-шешесінің үйі жабық тұрды. Көршілердің бірінің айтуынша, шұғыл Астанаға кетіпті.

Айта кетейік, осыдан 4 ай бұрын Талғар ауданында тағы бір азамат өз әйелін пышақтап өлтіріп, 16 жылға сотталған болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз