Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
4
USD
445
+0.37
EUR
477
+2.08
RUB
4.82
+0.02

Алматы облысында туристік нысандар үш есеге көбейді

366

Жаз айларында Балқаш пен Алакөлді, Қапшағай су қоймасы мен демалыс аймақтарын жағалайтын жандардың қатары жыл сайын 20 пайызға артады. Биыл да келушілердің қарасы қалыңдай түсуі мүмкін.

Алматы облысында былтыр 26 туристік нысан қолданысқа берілді. Алакөл өңіріндегі бірқатар жер телімі бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп, мемлекеттік сараптамаға ұсынылды.

Облыс орталығын Алматы және Астана қалаларымен байланыстыратын әуе қатынасы ашылды. Ал Үшарал қаласында әуежай салынып жатыр.

„Бұл туризмнің дамуына тың серпін береді„, – дейді мамандар.

EXPO-2017 көрмесіне келетін шетелдік қонақтар үшін қазірден бастап 18 туристік бағыт әзірленіп жатыр. Олар 5 ұлттық-табиғи парктің аумағын қамтиды.

– Осыдан 5 жыл бұрын біздің облыс аумағында шамамен 200-250 туристік нысан болды. Ал, қазір 600-ге жуық туристік нысан ашылды. Жыл сайын олардың саны көбейіп жатыр. Яғни қазіргі таңда кәсіпкерлер, жалпы бизнес саласы осы туристік саланың тиімділігін көріп, инвестицияларды көптеп тартып жатыр, – деді облыстық туризм басқармасының басшысы Жанар Алшымбаева.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз