Нұр-Сұлтан
Қазір
3
Ертең
-2
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматы облысында менингиттен 19 жастағы қыз қайтыс болды

Дәрігердің пікірінше, бойжеткеннің қайтыс болуына оның дәрігерге кеш баруы себеп болған.

«Ол 1-маусымда ауырды. Кейін жедел жәрдем оны алып келді», – деді департамент басшысы7
Алматы облысы бойынша денсаулық сақтау департаменті басшысы 19 жастағы қыз жақында көз жұмған бес жасар баламен таныс болғанын атап өтті.

«Ол қайтыс болған бес жасар баланың ағасының құрбысы екен. Олар кездесіп, балабақшадан бірге алып қайтып жүрген болуы мүмкін.

Бала Талғар ауданында тіркелген. Бірақ Алматыдағы балабақшаға барған. Олардың Алматыда тағы бір пәтері бар. Біздің ойымызша, дүйсенбіден жұмаға дейін ол Алматы қаласында болған, ал сенбі және жексенбі күндері баланы Талғарға әкетіп отырған болуы мүмкін», – деді Ерғали Сыдыманов.

Оның айтуынша, облыста үш адам менингококк инфекциясынан қайтыс болды.

Айта кетейік, бұған дейін Алматыда 5 жасар бала менингококк инфекциясынан көз жұмған.

Дерек көз:Baq.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз