Нұр-Сұлтан
Қазір
8
Ертең
5
USD
444
-0.47
EUR
475
+0.97
RUB
4.8
+0.04

Алматы облысында латын қарпіне көшу дайындығы талқыланды

133

Әріптер дыбыстан аз болуы керек. Ал бізде керісінше. Әріп көп, дыбыс аз. Әр ғалым, әр басылым өзінше жазады. Сайып келгенде жазу мен оқуда бірізділік жоқ.

Тіпті, қазақ тілін қазақ баласы акцентпен оқиды. Бұл біз үшін жетістік емес”, – деді Ерден Задаұлы.

“Әліпби ауыстыруды жазу формасына айналдыру керек» тақырыбында баяндама оқыған Қазақ жазуын латын графикасы негізінде жаңа ұлттық әліпбиге көшіру жұмыс тобының мүшесі, филология ғылымдарының докторы, профессор Әлімхан Жүнісбектің айтуынша, бүгінгі қазақ жазуына тек әліпби ауыстыру ғана емес, түбегейлі реформа керек. Оның тек бір ғана әліпбиді ауыстырумен тынбайтынын, бұл үш мәселені қамтитындығын атады.

“Үш мәселе – дыбыс, әліпби және емле-ереже. Дыбыс – өзге тілдерден бөлектеп тұратын тілдің тұрпат-тұрқы, әліпби сол дыбыстың қауызы басқаша айтқанда қорғаны мен оққағары. Емле-ереже – дыбыстардың басын біріктіріп, сөз құрап тұратын дәнекері. Біз өз әліпбиімізді қазақ тілді деп айта алмаймыз. Себебі ол қазақ-орыс алфавиті. Қазір көптеген ғалым өздерінің жобаларын ұсынуда.

Кейбірі латын әліпбиі 26 таңбадан тұруы керек дейді ағылшындар мен француздардың тез әрі оңай жатталатын әліпбиін негізге алған ғалымдар.

Қалай десек те рухымызды жаңғырту мақсатында тек қазаққа тән әліпбиді тездетіп қолданысқа шығарғанымыз жөн”, – деп көрсеткен баяндамашы осы үш мәселе бір-бірімен байланысты және қатар шешілмей төл жазу қалыптаспайтынын тілге тиек етті.

Ал “Әліпби категориясы” атты тақырыпта баяндама жасаған Сүлеймен Демирел атындағы университеттің профессоры, филология ғылымдарының докторы Құралай Күдеринова ең алдымен “Қазақ тілін латын әліпбиіне ауыстыру мәселелері” деп айтылып жүрген кейбір БАҚ өкілдеріне ескертпесін айтты. Оның айтуынша, дұрысы – “Қазақ жазуын латын әліпбиіне ауыстыру” деп мәлімдеп, өз ойын ортаға салды.

Халықаралық “Қазақ тілі” қоғамының президенті ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбайұлы: «Біріншіден,

орыс жазуына байланысты алғыс алған жартыкеш-жарамсақ емлесіз бен әліпбиіміздің ана тілімізге тигізген бүгінгі зардабын көре отырып, әлі де болса орыс жазуында қаламыз деудің енді реті келе қоймас.

Тіптен, орыс жазуында қала қойғанның өзінде оған түбегейлі өзгерістер енгізу керек. Ал оған өзгеріс ендіреміз десек, оның дауы латынның дауынан да асып түсетініне еш күмән жоқ.

Екіншіден, араға ғасырға жуық уақыт салып, араб әліпбиіне қайта оралып жатудың тағы жөні жоқ. Өйткені қазіргі ұрпақ үшін араб жазуы көп бейтаныс жазудың бірі ғана.

Үшіншіден, латын жазуына қалай дегенде де әлеми ақпарат жетістігінің бірден-бір құралы болып қалды. Оның үстіне егер латынға қазақтың төл дыбыстарын баптап өте алсақ, қазіргі жазуымыздағы тіл бұзар, басы артық таңбалар мен емле-ережелер жол жөнекей өзінен өзі түсіп қалады. Жазу реформасы дегеніміз – осы”, – деп өз ойын түйіндеді.

Басқосуда ойларын ортаға салған елімізге білгілі саясаттанушылар Дос Көшім, Айдос Сарым латын әліпбиіне көшу қазақ тілінің мәртебесіне дем береді деді.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз