Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
16
USD
447
-0.91
EUR
476
-2.17
RUB
4.79
+0.03

Алматы облысында құрылысшы жігіт үй иесін өлтіріп мәйітін бетондап тастаған

650

Бұл туралы КТК арнасы хабаралайды.

Қанды қылмыс осыдан он күн бұрын осы үйде болған. Екі ауылдастың әңгімесі жанжалға ұласып, 40-тан асқан азамат үй иесін балтамен ұрып, айуандықпен өлтірген. Өлікті жасыру үшін мына моншаның ішіне оны көміп тастапты. Ертеңіне қаскөй еш шімірікпестен асарға келген інісіне қаңсыраған мәйіттің үстіне бетон құйғызыпты.

«Уыстап дәрі ішкен». Астанада аяғы ауыр тағы екі келіншек көз жұмды

Адам шошырлық оқиғадан бейхабар марқұмның туғаны монша құрылысын жалғастыра берген. Ал әлгі жауыз «қолмен істеген қылмысын» білдіртпес үшін сол күні із суытыпты.

Азамат есімді күдікті 31 жастағы марқұм Бақыт Ақжоловтың үйіне құрылысшы болып жалданған екен. Үйді бірге тұрғызып, емен-жарқын араласқан ауылдастар арасындағы жіктің неден туғанын саяжай тұрғындары айтып берді. :

“Жаздай тамақ беріп жүрдім ғой. Ол бала үйдің мына жағын және моншаны салды ғой. Бұлар ақшаға келісе алмай қалған”, деді Көксай саяжайының тұрғыны.

Әу баста марқұмды туыстары жер көктен іздеген. Тек жігіт ағасының жесір қалған әйелі үйдің қабырғасына шашыраған қанды көріп, ауланы тінтіпті. Ақыры мәйіт екі күннен кейін монша ішінен табылды. Ал жантүршігерлік оқиғаны естіген Көксай саяжайының халқы әбден шошып қалған. Күнде аралас-құралас болған адамның мұндай қатігездікке баратыны төрт ұйықтасақ, түсімізге кірмеді дейді.

Қарағандыда өлген адамның мүрдесін саудаға салғандар шатылып жатыр

“Өзіміз отырмыз, қорқып. Балаларды ешқайда шығармай. Тастап кетуге де қорқасың”, деді Көксай саяжайының тұрғыны.

Бой тасалаған күдікті бір аптадан кейін Түркістан облысында қолға түсті. Қазір қанды оқиға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Ол Есік қаласына жеткізіліп, Еңбекшіқазақ ауданының уақытша ұстау оқшаулағышына қамалды. Бұл фактіге қатысты ҚР Қылмыстық Кодексінің 99-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Бұл азаматтардың арасында нақты қандай кикілжің болғанын тергеушілер анықтайды. Ал Бақыт Ақжоловтың артында еңіреп жан-жары мен анасы қалды.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз