28 сәуір күні сағат 17:00 шамасында Алматы облысы Жамбыл ауданының Ынтымақ ауылында қайғылы оқиға орын алды.
Екі жасар бала беті ашық тұрған орға түсіп кетіп, қайтыс болған деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Жеке үй аумағында үлкендердің қарауынсыз қалған бала қазылған орға абайсызда құлап кетіп, сол жерде жан тапсырды. Бала 2016 жылы туған», – деп хабарланды ведомство хатында.