Алматы облысында болған жол апатынан аудандық ішкі істер басқармасының басшысы қаза тапты.
Бұл мәліметті Алматы облыстық ішкі істер департаменті растады.
Жол апаты Үшарал-Қазақстан ауылы тасжолының аумағында болғаны белгілі болды. Онда екі көлік соқтығысып қалған.
Алматы облыстық ІІД өкілдері полиция полковнигі, Алакөл аудандық ішкі істер басқармасының басшысы Айдын Асқарбаевтың қаза тапқанын растады. Жол-көлік оқиғасы бойынша тексеріс жүргізіліп жатыр. Оқиғаның басқа да мән-жайы анықталуда.