Нұр-Сұлтан
Қазір
21
Ертең
16
USD
440
0.00
EUR
474
0.00
RUB
4.82
0.00

Алматы облысында бүтін бір отбасы жұмбақ жағдайда жол апатына ұшырады

«Мына шөптің үстінде жатқан екі адам. Қандай скорость пен соғу керек ол екі адам ұшып кету үшін. Кукла сияқты ұшып кеткен екеуі де», – дейді Б.Ақжігітовтың туған ағасы Нұрмұхан Ақжігітов.

Оған дейін оларды жүк көлігі қағып кетуі мүмкін деген болжам бар. Байқамай басып кеттім деген екінші жүргізуші Бақытжанды соқпадым, ол оған дейін жолда жатқан  деп туыстарынан кешірім де сұрапты.

«Әркім әр жақта, жолдың жанында шашылып жатқан. Ініміз жолдың бойында қалған. Біреу соғып кеткенге ұқсайды. Екінші адам көрмей басып кеттім дейді, басқаннан кейін тоқтап машинасынан шығып қараса, дөңгелектің астында адам жатыр екен деп өзі айтқан», – дейді Нұрмұхан Ақжігітов.

Жедел жәрдем келгенше көз жұмған Бақытжан көп қан жоғалтқан екен. 7 айлық Дәулет ауруханада жан тапсырыпты. Ал комада жатқан Әйгерімнің хәлі мүшкіл. Қаскелеңдегі қалалық ауруханада емдеу шаралары жүргізіліп жатыр. Күйеу баласы мен немересінен бір ақ күнде айырылып қалған Кенжегүл қабір басына күнде келеді. Оның ендігі арманы екі төмпешік болып қалған ең жақын адамдарының өмірін қиған жүргізушіні тауып, заң алдында жауапқа тарту.

«Әлі өзіне келген жоқ, бірақ үміттенемін. Алла Тағалам енді осы балапаны мен жолдасының қалған ғұмырын қызыма берсін», – дейді А.Жұмамұратованың анасы Кенжегүл Мұратбаева.

Жауабынан сұрағы көп оқиғамен Алматы облысының ІІД айналысуда. Бұл істің мән – жайын әлі де анықтап жатырмыз, кінәлі жауапсыз қалмайды деп отыр.

Сол маңда орналасқан мейрамхананың бейнебақылау камерасына дәл сол кезде жолдан ерсілі-қарсылы өткен 100-ге жуық көлік тіркелген. Алайда көрдім-білдім деген бір адам жоқ.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз