Нұр-Сұлтан
Қазір
9
Ертең
9
USD
445
-1.34
EUR
474
-1.25
RUB
4.76
-0.02

Алматы облысында баспанасы өртеніп кеткен 14 отбасы үйлі болды (фото)

Қоныс иелерін құттықтауға Алматы облысы әкімінің бірінші орынбасары Ләззат Тұрлашов арнайы келіп, көпшіліктің қуанышына ортақтасты. Баспаналы болған тұрғындар аз уақытта жаңа үй тұрғызып, игіліктеріне тапсырған облыс, аудан басшылығына алғыстарын жеткізді. Бұл үйлер 100 пайыз отандық құрылыс өнімдерінен тұрғызылған.

Әрбірінің көлемі 70 шаршы метр шамасында. 1 үйдің құрылысына шамамен 9,5 млн теңге жұмсалған. Ауласын абаттандырып, қора-қопсы салып, инженерлік желісін тартқанға 6,5 млн теңге бөлінген. Сонда 1 үйдің құны 16 млн, ал 14 үйге 224 млн теңге қаржы кеткен.

Естеріңізге сала кетейік, былтыр қазан айында Ақсу ауданына қарасты Жансүгіров ауылында екіқабатты үй өртеніп, 32 адам қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Облыс орталығынан 120 шақырым жерде орналасқан Жансүгіров ауылында өрт шыққаны туралы хабар таңғы сағат 08:00-де жеткен. Өрт сөндіру қызметі оқиға орнына жеткен кезде тұрғын үйдің шатыры толық өртеніп, екінші қабаттың төбесі жана бастаған. 16 пәтерлі бұл үй 1959 жылы тұрғызылған екен.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз