Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ауа райының қолайсыздығына байланысты ескерту жариялады деп жазады Қазақпарат.
“Қазгидромет” орталығының болжауынша, қарашаның 14-і күні өңірде қатты жел соғуы ықтимал. Оңтүстік батыстан соққан желдің жылдамдығы секундына 15-20, кей жерлерде 30 метрге дейін күшеюі мүмкін. Сол себепті ТЖД тұрғындарды абай болуға шақырады.