Алматы облысының тұрғыны әйелі мен екі баласына іздеу салады.
Тұздыбастау ауылы тұрғынының айтуы бойынша әйелі екі баласымен 24 шілде күні күндізгі 15:00-де үйден шығып кетіп, сол бойы үйге оралмаған.
“Мен бұл жаңалықты естіген кезде жұмыста едім. Туған-туыстарымның барлығының үйіне бардым,еш жерде жоқ. Талғар аудандық ІІД-не арыз жазып кеттім”, дейді ол.
Ер адамның айтуы бойынша отбасында бәрі жақсы болған, ұрыс-керіс,жанжал болмаған.