25 қаңтар күні Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің кезекші бөліміне Алтынемел асуының маңындағы Кербұлақ ауданының Сарыөзек – Көктал тас жолында ауа райының бұзылуына байланысты жолаушыға толы бірнеше автобустың қар құрсауында қалғаны жайлы хабар түскен.
Оқиға орнына жедел түрде 5 адамнан тұратын құтқарушылар құрамы мен техника жөнелтілді.
Нәтижесінде 121 адам құтқарылып, 10 автокөлік, 2 жолаушылар автобусы қар құрсауынан шығарылды. Жолаушылар арасында үсік шалғандар мен зардап шеккендер жоқ.