Нұр-Сұлтан
Қазір
14
Ертең
23
USD
449
+0.08
EUR
478
+1.11
RUB
4.76
-0.01

Алматы облысында 11 оқушы сабақ үстінде уланып қалған

144

Облыстық Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен мәлім еткендей, Орымбетов атындағы орта мектепте 7-сыныпта оқитын 11 бала уланған.

«Медицина қызметкерлерінің мәліметі және зардап шеккендерді алдын ала сұрастыру бойынша, 2018 жылдың 12 желтоқсанында Қаракемер ауылының дәрігерлік амбулаториясына 7 «Б» сыныбының 11 оқушысы жүрек айну, құсу, бас ауруы, сондай-ақ құрысу түріндегі ішінің ауыруы, делириялық жағдай диагнозымен түскен. Сонымен қатар үшеуінде қол және беттерінде бөртпелер пайда болып, екеуінде тырысу белгілері анықталды», – деп мәлім етті Қоғамдық денсаулық сақтау департаментінен.

Атап өтілгендей, барлық оқушыларға алғашқы медикосанитарлық көмек көрсетілген. Кейін медициналық қызметкердің ілесуімен санитарлық көлікпен аудандық орталық ауруханаға жеткізілген. Балалар денсаулық жайдайларының нашарлауын химия сабағында зертханалық жұмыстарды жүргізумен байланыстырған.

Алматы облысы Қоғамдық денсаулық сақтау департаменті алдын ала тексеруді бастады.

«Жоспардан тыс тексерудің аяқталу қорытындысы және қолданылған шаралар бойынша қосымша ақпарат берілетін болады», – делінген таратылған хабарламада.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз