Нұр-Сұлтан
Қазір
2
Ертең
-1
USD
449
-1.43
EUR
484
-3.48
RUB
4.86
0.00

Алматы облысына сапарлаған Асқар Мамин Нұркент ауылында да болды

168

Бұл туралы Үкімет басшының ресми сайтында хабарланды.

Жұмыс сапары Талдықорған қаласының әуежайын аралаудан басталды. Облыс әкімі Амандық Баталов ұшу-қону жолағын және аэровокзал ғимаратын жөндеу барысы туралы баяндады.

Содан кейін Асқар Мамин ұзындығы 112 км болатын республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автомобиль жолын жөндеу барысымен танысты. «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Ермек Қизатов «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша салынып жатқан аталған жоба туралы баяндады. Бір айдың ішінде ұзындығы 245 км болатын Алматы-Талдықорған бөлігінде қозғалыс толығымен ашылады.

Жыл соңына дейін Алматы облысындағы Батыс Еуропа – Батыс Қытай дәлізіне кіретін ұзындығы 304 км Алматы – Қорғас учаскесінде құрылыс аяқталады (4-жолақты қозғалыс және цементбетонды жабыны бар бірінші санатты жол).

«Алматы – Талдықорған және Алматы – Қорғас автомобиль жолдары өңір үшін маңызды инфрақұрылымдық жобалар болып табылады. Жалпы 2020 жылға дейін Алматы облысының автожол инфрақұрылымына шамамен 400 млрд теңге бағытталады. Бұл бүкіл өңірдің көлік инфрақұрылымын толық жаңғыртуға мүмкіндік береді», – деді Асқар Мамин.

Талдықорған қаласында «Нұрлы жол» бағдарламасы бойынша жалпы ауданы 394 га болатын Оңтүстік-Батыс тұрғын үй массивінің құрылысы жүріп жатыр. Ағымдағы жылы 240 пәтер болатын төрт тұрғын үй құрылысы аяқталады. 706 пәтер болатын бес коммуналдық үй салынып жатыр. Тоғыз балабақша, бес мектеп, Оқушылар сарайы, емхана, көрме кешені, 16-қабатты қонақ үй, басқа да әлеуметтік нысандар салу жоспарланған.

Алматы облысында алты индустриялық аймақ салынып жатыр.

Өңірге жұмыс сапары аясында ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары құрылысы аяқталып қалған «Талдықорған» индустриялық аймағын аралады. Қазіргі уақытта индустриялық аймақ аумағында құрылыс материалдарын шығаратын бес кәсіпорын жұмыс жасайды. Осында тағы 10 кәсіпорынды орналастыру жоспарланған, ол 1 300-ге жуық жаңа жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Премьер-Министрдің бірінші орынбасары, сондай-ақ «Қорғас» ШЫХО-ның бірқатар нысандарын аралады. «Самұрық» орталық алаңында екі сауда үйі мен терминалды аймақ тұрғызылған.

Бір жыл ішінде 5 инвестициялық нысанның: орталық алаңның, қолөнершілер қаласының, бизнес орталықтың, көп функциялы ғимараттың және сауда орталығының құрылысын аяқтау жоспарда бар.

Сонымен қатар, келушілер үшін ШЫХО аумағында бірыңғай төлем картасы жүйесін енгізу мәселесі шешілуде. Күн сайын «Қорғас» ШЫХО-ға 3 мыңға дейін адам келеді.

Премьер-министрдің бірінші орынбасары екі жылдың ішінде ШЫХО-ның қазақстандық бөлігін құруды аяқтауды тапсырып, сауда алаңдарын, бірінші кезекте, отандық тауарлармен, сондай-ақ, ЕАЭО елдерінің өндірушілерінің өнімдерімен толтыру қажеттігін айтты.

Сондай-ақ, сапар барысында Асқар Мамин Нұркент ауылында болды. Мұнда екі 60 пәтерлік коммуналды тұрғын үйдің құрылысы аяқталып қалды. Екі шағын отбасылар жатақханасының құрылысы аяқталған.

Асқар Маминнің қатысуымен «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның Құрғақ портын аралау шеңберінде дәнді дақылдарды қабылдау, тазалау, кептіру және сақтау бойынша болашақ элеватор орнында капсула салудың салтанатты рәсімі өтті. Аталған нысанның қуаттылығы бір мезгілде 15 мың тонна сақтай алады, екінші желіні әрі қарай кеңейту арқылы 30 мың тоннаға дейін жетеді. Элеватор 2017 жылғы тамыз айында іске қосылмақ.
Асқар Мамин аталған іс-шараның АЭА индустриялық аймағындағы алғашқы жоба ретінде маңыздылығын айтып, «Қорғас-Шығыс қақпасы» АЭА-ның дамуы» Еуразиялық континенттің логистикалық жүйесіндегі өзекті орын алатын басым бағыт болып саналатынын атап өтті.

Алматы облысына жұмыс сапары аясында Асқар Мамин Алматы-Қорғас учаскесіндегі «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолының құрылыс барысымен және «Қорғас» ШЫХО ауданындағы Қорғас өзеніндегі қорғаныш құрылыстарын салу барысымен танысып, қызанақ өсіретін жылыжай кешенін аралады

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз