Нұр-Сұлтан
Қазір
22
Ертең
23
USD
520
+0.07
EUR
610
-2.47
RUB
6.63
+0.03

Алматы облысы “7-20-25” бағдарламасы бойынша тұрғын үй сертификаттарын беруді бастайды

Осылайша, аймақ тұрғындары мамандар 2 млрд теңге көлемінде әлеуметтік көмек алады.

“Алматы облысының әкімдігіне бастапқы жарнаны азайту бойынша әлеуметтік бастамаларға дер кезінде қолдау көрсеткені үшін алғыс айтқым келеді. Еліміздің қалалары мен облыстарында тұрғындарға «7-20-25» бағдарламасына қатысу үшін тұрғын үй сертификаттарын беру басталып кетті.

Мемлекет басшысының тапсырмасын уақтылы орындау ипотекалық бағдарламаға үлкен серпін беретін болады», – деді «Баспана» Ипотекалық ұйымының басқарма төрағасы Қайрат Алтынбеков.

Сондай-ақ Алматы облысының әкімі Амандық Баталов өңірде «7-20-25» бағдарламасы үшін 500 мың шаршы метр тұрғын үй салынатындығын хабарлады.

Естеріңізде болса, бастапқы тұрғын үй бойынша ұсыныстарды көбейту мақсатында «Баспана» Ипотекалық ұйымы жергілікті атқару органдарына 150 млрд теңге бөлген болатын.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2025 [email protected], +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз