Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы үй қамауына алынды, – деп хабарлайды Tengrinews.kz облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Соттағылардың мәліметінше, 19 қазанда Талдықорғанның тергеу соты Алматы облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің басшысын 2 айға үй қамауына алу туралы санкция шығарды.
“Ол Алматы облыстық ТЖД өрт сөндіру және апатты-құтқару жұмыстары қызметі” мемлекеттік мекемесінің кадр жұмысы бөлімінің басшысынан азаматтарды жұмысқа алғаны үшін 300 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді”, – деген еді осыған дейін Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің ресми өкілі Жанна Бастарова.