Нұр-Сұлтан
Қазір
5
Ертең
6
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматы метросының үшінші кезеңін салу үшін 152 жер телімі сатып алынады

Мақсат Сейтқұловтың айтуынша, аталған екі бекет іске қосылған соң Алматы метросы күніне 85 мың адамға дейін қызмет көрсетеді. Бұл Абай көшесі бойындағы кептелісті төмендетуге септігін тигізбек.

Сарыарқа бекеті «Фэмили» саябағы жанында орналасқан әрі бұл аумақта халық өте тығыз орналасқан.

«Сары арқа және Достық бекеттерінің құрылысына 67 млрд теңге бөлініп отыр. Құрылыс жұмыстары мерзімге сай жүргізілуде, жоспар бойынаша бұл бекеттер 2021 жылы пайдалануға беріледі», -дейді ол.

«Метрополитен» өкілі үшінші кезең бойынша Қалқаман ықшамауданына дейін метро жолы жүргізілетін және жол бойындағы жер телімдерін сатып алу бойынша жұмыстар жүргізіліп жатқанын айтты.

«Қалқаман» бекетіне дейінгі жол бойындағы 152 жер телімін сатып алу жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ «Жайлы» ықшам ауданындағы 15 үй сүріледі», – деді ол.

Еске сала кетсек, Алматы метросының бірінші кезегінің алғашқы торабы 2011 жылы 1 желтоқсанда пайдалануға берілген.

Дерек көз:Baq.kz.

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз