Нұр-Сұлтан
Қазір
10
Ертең
7
USD
421
0.00
EUR
499
0.00
RUB
5.6
0.00

Алматы мен Астана тәртіп сақшыларының қаржылай көмек бастамасын басқа өңірлер іліп әкетті

Айта кетейік, 18 шілде күні Алматыдағы террористік актіден құқық қорғау органдарының үш қызметкері – полиция капитаны Бауыржан Нұрмаханбетов, кіші сержант Мақсат Сәлімбаев пен полиция старшинасы Аян Ғалиев қаза тапты. Тағы 7 полицейге оқ тиіп, ауруханаға түсті. Жедел жәрдем ауруханасында қайтыс болған 29 жастағы полиция лейтенанты Тимур Бегасыловты да дәрігерлер құтқара алмады.

Сонымен бірге, теракті кезінде ішкі істер министрлігінің бұрынғы қызметкері Ғани Нұриманов пен шекарашы Азамат Әмірханов та ажал құшты.

ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізіп, Алматыда болған оқиғаны террористік акт деп атады.

Террорист деген күдікпен 26 жастағы Қызылорда облысының тумасы Руслан Күлікбаев ұсталды.

Қаза тапқан полиция туыстары мемлекеттен соңғы лауазымы бойынша үш айлық көлемінде өтемақы алады.

Одан бөлек, Алматы әкімі Бауыржан Байбек қазақ тапқандар жанұясына материалдық көмек ретінде 15 миллион теңге, зардап шеккендерге 5 миллион теңге бөлінгенін хабарлады.

Ең бірінші болып, Алматыдағы атыс кезінде қаза тапқан әріптестерінің отбасыларына Алматы мен Астана ішкі істер департаменті басшылығы мен жеке құрамы бір күндік еңбекақыларын аудару туралы шешімін жариялады. Бұл бастаманы бүгіндері Павлодар, Ақтөбе, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарының тәртіп сақшылары да іліп әкетті.

Серіктестер жаңалықтары
Көп қаралған
© «365 Info», 2014–2020 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз