Нұр-Сұлтан
Қазір
4
Ертең
15
USD
444
-0.87
EUR
476
-0.84
RUB
4.82
0.00

Алматы мектептерінің бірінде алты бірдей оқушы істі болған

АҚЖОЛ ШАКРЕТОВ, Бостандық аудандық прокуратурасының прокуроры:

– Бостандық ауданында 2000 жылғы балалар төменгі сынып оқушыларынан бопсалап ақша жинап келген. Олардан зәбір көрген балалардың заңды өкілдері тарапынан түскен шағым негізінде іс қозғалып, сотқа жетті.

“Қылмыс жасаған адам жасына қарамастан, сотталады. Сотталмас бұрын, тергеу изоляторына қамалып, жауапқа тартылады”. Осылай деген құзырлы орган өкілдері мен полиция қызметкерлері, оқушыларға уақытша тергеу изоляторын көрсетіп, оларға қылмыстық жауапкершілік туралы түсінік берді.

САБРИНА ТӨРЕЕВА, 8-сынып оқушысы:

– Мен бүгін тәртіпсіздіктің жақсылыққа апармайтынын тереңірек түсіндім. Қылмыс жасағандарды қамайтын мына жер тым қорқынышты, әрі суық екен. Мен адамдарға деген, қыдыруға деген пікірлерімді өзгерттім.

Бүгінгі күні Алматының тек бір ғана ауданында жасөспірімдер арасындағы 12 қылмыстық іс тіркеліп, оның төртеуі сотқа жеткен. Екі оқушы балалар колониясында жазасын өтеп жатыр. Айта кету керек, жоғары сынып оқушыларының төменгі сынып балаларынан “ақша бопсалау” дерегі көп мектепке тән жағдай. Тек шағымданушы болмағандықтан, іс қозғала бермейді. Ал, “ақша бопсалады” деген алты баланың ісі 2014 жылы тіркеліпті.

ИРИНА СОВЕТЖАНҚЫЗЫ, тілші:

– Кәмелетке толмаған оқушылардың ісі сотқа жетіп, оларға үш жылға дейін бас бостандығын шектеу жазасы шартты түрде кесілді. Прокуратура бұрынғы фактіні неге көтеріп отыр? Өйткені, бұл іс басқа оқушыларға сабақ болса деген пікірде. Себебі, ақша бопсалау – қай жаста да, қылмыс.

Ирина Советжанқызы, Ринат Абулхаиров

Серіктестер жаңалықтары
© «365 Info», 2014–2024 info@365info.kz, +7 (727) 350-61-36
050013, ҚР, Алматы қ., «Керемет» ықшамауданы, 7 үй, 39 корпус, 472 кеңсе
Қате байқасаңыз, оны белгілеп Ctrl+Enter басыңыз